ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Ата-ананы құрметтемеудің күнәсі қандай?

С: Ата-ананы құрметтемеудің күнәсі қандай?

Ж:  АТА-АНАНЫ ҚАДІРЛЕМЕУ

Бұл дүниеде Алла Тағаланың игілігінен кейін ізгілік пен мейір-шапағатты молынан еш сұраусыз, керісінше шексіз сүйіспеншілікпен және аса ризалықпен үйіп-төгу көрінісі тек ата-ананың перзенттеріне деген қарым-қатынасында ғана бар. Балаларына деген ыстық ықыласты мейірім мен махаббат олардың жүректерінде, тұла бойларында, жандары мен тәндерінде біте қайнасып қалыптасқан сүйексіңді қасиеттер. Сондықтан да олардың балаларын жетілдіру жолында талай тауқыметтерге разылық танытып, сол қиын күндер мен сол мазасыз түндерді бақытты сәттеріне балайтын жатса оған таңдануға болмайды. Өйткені олар сондай қиындықтардың сол ұл-қыздарының бақытына жеткізгенін көргенде немесе олардың арасында шат-шадыман болып кездерінде ерекше қуаныш сезімдеріне бөленеді.

Ананың баласына деген мейірімінің мына керемет көрінісіне қараңызшы. Бұл көркем мысал бізге береке тұнған сахих хадистер арқылы жетті. Сондай-ақ, балаға деген әке мейірімі де бұл мысалдағыдан кем түспейді.

عَنْ عَائِشَةَ قَالَتْ جَاءَتْ امْرَأَةٌ وَمَعَهَا ابْنَتَانِ لَهَا تَسْأَلُنِي فَلَمْ أَجِدْ عِنْدِي شَيْئًا غَيْرَ تَمْرَةٍ وَاحِدَةٍ فَأَعْطَيْتُهَا إِيَّاهَا فَأَخَذَتْهَا فَشَقَّتْهَا بَيْنَ ابْنَتَيْهَا وَلَمْ تَأْكُلْ مِنْهَا شَيْئًا ثُمَّ قَامَتْ فَخَرَجَتْ هِيَ وَابْنَتَاهَا فَدَخَلَ رَسُولُ اللهِ عَلَى تَفِيئَةِ ذَلِكَ فَحَدَّثْتُهُ حَدِيثَهَا فَقَالَ رَسُولُ اللهِ  صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «مَنِ ابْتُلِيَ مِنْ هَذِهِ البَنَاتِ بِشَيْءٍ فَأَحْسَنَ إِلََيْهِنَّ كُنَّ لَهُ سِتْرًا مِنَ النَّارِ». رَوَاهُ ابْنُ الْمُبَارَكِ وَ أَحْمَدُ فِي الْمُسْنَدِ.

Айша анамыз (р.а.) былай дейді: «Маған қасында екі қызы бар бір әйел садақа сұрап келді. Мен оған беретін бір түйір құрмадан басқа ештеңе таппадым да, соны ұсындым. Ол оны (бір түйір құрманы) алды да, қыздарына бөліп берді. Ал, өзі одан татып та алмады. Сосын ол орнынан тұрып, қыздарын ертіп шығып кетті. Аздан кейін Алланың елшісі (с.а.с.) кірді. Мен оған әйелдің оқиғасын айттым. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім осындай қыздармен сынаққа ұшырап, оларға жақсы қараса, олар оған тозақтан перде болады», – деді». Ибн Мүбәрак және Ахмет риуаят еткен.

Аят-хадистердегі түйінді тұжырымдардың негізінде асыл дініміз ата-ананы құрметтеп, оларға барынша жақсылық жасауды міндетті іс етіп бекітті. Керісінше, ол екеуіне бағынбауға, құрметтемеуге қатаң тыйым салып, оны осы дүниеде сорлылыққа, ал ақыретте азапқа душар ететін ауыр қылмыс, адамның басын осы және кейінгі шақтарда бейшаралыққа салып қоятын үлкен күнә деп есептеді.

Төменде ата-анаға ізгілік жасауға бұйырып, олармен жақсы қарым-қатынаста болуды міндеттейтін нақтылы дәлелдердің бір парасы берілді. Олардан кейін ата-ананы құрметтемеуге тыйым салып, оларды жәбірлеуден сақтандыратын дәлелдер келтірілді.

Алла Тағала былай бұйырады:

﴿وَقَضَى رَبُّكَ أَلاَّ تَعْبُدُواْ إِلاَّ إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَاناً إِمَّا يَبْلُغَنَّ عِندَكَ الْكِبَرَ أَحَدُهُمَا أَوْ كِلاَهُمَا فَلاَ تَقُل لَّهُمَا أُفٍّ وَلاَ تَنْهَرْهُمَا وَقُل لَّهُمَا قَوْلاً كَرِيماً * وَاخْفِضْ لَهُمَا جَنَاحَ الذُّلِّ مِنَ الرَّحْمَةِ وَقُل رَّبِّ ارْحَمْهُمَا كَمَا رَبَّيَانِي صَغِيراً﴾ 

«Раббың Өзінен басқаға құлшылық қылмауларыңа және ата-анаға ізгілік қылуларыңа бұйырды. Егер олардың біреуі не екеуі де қартайса, ол екеуіне «түһ» деп те айтпа, оларға дауыс та көтерме, оларға тек жақсы сөз сөйле. * Оларға мейірімділік пен кішіпейілділіктің қанатын жайып: «Раббым! Олардың кішкентайымда мені тәрбиелегені секілді оларға рахым ет» деп айт» (Исра, 23, 24).

Қасиетті аятта Құдай Тағала ата-анаға «түһ» деп айтудың өзіне тыйым салып тұр. Бұл кейістік білдірудің түрі, ата-ананы жәбірлеудің ең жеңіл түрі саналады.

وَرَدَ أَنَّهُ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ : »لَوْ عَلِمَ اللَّهُ شَيْئًا أَدْنَى مِنْ أُفٍّ لَنَهَى عَنْهُ، فَلْيَعْمَلْ الْعَاقُّ مَا شَاءَ أَنْ يَعْمَلَ فَلَنْ يَدْخُلَ الْجَنَّةَ، وَلْيَعْمَلْ الْبَارُّ مَا شَاءَ أَنْ يَعْمَلَ فَلَنْ يَدْخُلَ النَّارَ«.

Осы аяттың мағынасы туралы Пайғамбар (с.а.с.): «Алла «түһ» деуден де төмен нәрсе болса, оған да тыйым салған болар еді. Ата-анасын құрметтемеген жан қанша ізгі амал істесе де ешқашан да жәннатқа кірмейді. Керісінше, ата-анасын құрметтеуші қандай (кіші) қателік істесе де ешқашан тозаққа кірмейді», – деген.

Жаратқан Иеміз адамзат атаулына ата-анаға жақсылық қылуға бұйырып, өсиет еткен.

﴿وَوَصَّيْنَا الْإِنسَانَ بِوَالِدَيْهِ حَمَلَتْهُ أُمُّهُ وَهْناً عَلَى وَهْنٍ وَفِصَالُهُ فِي عَامَيْنِ أَنِ اشْكُرْ لِي وَلِوَالِدَيْكَ إِلَيَّ الْمَصِيرُ 

«Біз адам баласына ата-анасына ізгілік қылуды өсиет еттік. Оны анасы әлсіздік үстіне әлсіздене жүріп көтереді де, оны екі жылда емшектен шығарады. Маған және ата-анаңа шүкірлік қыл! Шындығында, қайтатың жағың Мен жақ» (Лұқман, 14).

Сондай-ақ, тіпті, ата-анасы Құдайға серік қосатын мүшріктер болса да, олармен жақсы қарым-қатынаста болуға үндейді. Алла Тағала былай деп бұйырады: 

﴿وَإِن جَاهَدَاكَ عَلى أَن تُشْرِكَ بِي مَا لَيْسَ لَكَ بِهِ عِلْمٌ فَلَا تُطِعْهُمَا وَصَاحِبْهُمَا فِي الدُّنْيَا مَعْرُوفاً﴾ 

«Ол екеуі өзің білмейтін нәрсені Маған серік қосуың үшін сенімен күрессе, онда оларға бойсұнба. Алайда олармен осы дүниеде жақсы қарым-қатынаста бол» (Лұқман, 15). Демек, ата-ана күпірлікке бұйырғанда ғана оларға бойсұнуға болмайды. Бірақ, соған қарамастан олармен жақсы қарым-қатынаста болу міндеттелінген.

Сондай-ақ, ата-анамен жақсы қарым-қатынаста болып, оларға қызмет ету Алла жолында жиһад жасаумен қатар тұратын ізгі амалға жатады.

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بنِ مَسعودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: »سَأَلْتُ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَيُّ الْعَمَلِ أَحَبُّ إِلَى اللهِ؟ قَالَ: اَلصَّلاَةُ عَلَى وَقْتِهَا، قَالَ: ثُمَّ أَيُّ؟ قَالَ: ثُمَّ بِرُّ الْوَالِدَيْنِ، قَالَ: ثُمَّ أَيُّ؟ قَالَ: اَلْجِهَادُ فِي سَبِيلِ اللهِ«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ.

Абдулла ибн Масғұд (р.а.) былай дейді: «Мен Пайғамбардан (с.а.с.): «Алла Тағалаға ең сүйікті іс қайсы?» – деп сұрадым. Сонда ол (с.а.с.): «Уақытында оқылған намаз», – деді. Мен: «Сосын қайсы?» – дедім. Ол (с.а.с.): «Ата-анаға жақсылық қылу», – деді. Мен: «Сосын қайсы?» – дедім. Ол (с.а.с.): «Алла жолындағы жиһад», – деді». Бұхари, Мүслім риуаят еткен.

Ата-ананың екеуінің ішінде ананың орны ерекше. Әрбір пенде үшін жақсы қарым-қатынаста болуға, шынайы сұхбаттас, жолдас болуға анадан артық адам жоқ. Ол жайында төмендегідей хадис бар.

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: »جَاءَ رَجُلٌ إِلَى رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللهِ، مَنْ أََحَقُّ النَّاسِ بِحُسْنِ صَحَابَتِي؟ قَالَ: أُمُّكَ، قَالَ: ثُمَّ مَنْ ؟ قَالَ: ثُمَّ أُمُّكَ، قَالَ: ثُمَّ مَنْ؟ قَالَ: ثُمَّ أُمُّكَ، قَالَ: ثُمَّ مَنْ قَالَ: ثُمَّ أَبُوكَ«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ.

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Бірде Алланың елшісіне (с.а.с.) бір кісі келіп: «Адамдардың арасында жақсы жолдас болуыма кім лайықтырақ?» – деп сұрады. Алланың елшісі (с.а.с.): «Анаң», – деді. Кісі: «Сосын кім?» – деді. Ол (с.а.с.): «Анаң», – деді. Кісі: «Сосын кім?» – деді. Ол (с.а.с.): «Анаң», – деді. Кісі: «Сосын кім?» – деді. Ол (с.а.с.): «Әкең», – деді». Бұхари, Мүслім риуаят еткен.

Құдіреті күшті Алла Тағала Өзінің разылығын ата-ананың разылығына байланысты еткен. Әке-шешесі разы болған пендеге Жаратушы да разы. Керісінше, ата-ана разы болмаса, Алла Тағала да наразы.

عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: »رِضَى الرَّبِّ فِي رِضَى الْوَالِدِ وَسَخَطُ الرَّبِّ فِي سَخَطِ الْوَالِدِ«. رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ.

Абдулла ибн Амрден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы ата-ананың ашуында». Термези риуаят еткен.

Әрбір адам үшін әкенің орны бір төбе. Әке де ана сияқты пенденің жұмаққа жетуіне себепкер бола алады.

عَنْ أَبِي الدَّرْدَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: »اَلْوَالِدُ أَوْسَطُ أَبْوَابِ الْجَنَّةِ فَإِنْ شِئْتَ فَأَضِعْ ذَلِكَ الْبَابَ أَََوِ احْفَظْهُ«. رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ.

Әбу Дарда (р.а.) Алланың елшіснен (с.а.с.) мынадай хадис естіген екен: «Әке – жәннат қақпаларының орташасы, қаласаң сол қақпаны жоғалтасың не оны сақтайсың». Термези риуаят еткен.

Ата-ананың алдындағы перзенттік борыш өтелуі мүмкін емес міндеттердің бірі.

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »لاَ يُجْزِى وَلَدٌ وَالِدًا إِلاَّ أَنْ يَجِدَهُ مَمْلُوكًا فَيَشْتَرِيهِ فَيَعْتِقُهُ«. رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Бала әкесінің ақысын әкесі құл болып, оны құлдықтан босатқанда ғана өтей алады». Мүслім риуаят еткен.

وَقَدْ رَأَى ابْنُ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا رَجُلًا يَطُوفُ بِالْكَعْبَةِ حَامِلًا أُمَّهُ عَلَى رَقَبَتِهِ فَقَالَ : »يَا ابْنَ عُمَرَ أَتَرَى أَنِّي جَزَيْتهَا ؟ قَالَ : لَا وَلَا بِطَلْقَةٍ وَاحِدَةٍ وَلَكِنَّك أَحْسَنْت وَاَللَّهُ يُثِيبُك عَلَى الْقَلِيلِ كَثِيرًا«.

Абдулла ибн Омар (р.а.) анасын мойнына салып алып Қағбаны тауап етіп жүрген бір кісіні көреді. Ол кісі бұған: «Уа, Омардың ұлы! Не айтасың? Мен осы қызметіммен анамның алдындағы борышымды өтедім бе?» – деп сұрайды. Сонда Абдулла ибн Омар (р.а.): «Жоқ. Сені босанарда оны қысқан толғақтың біреуін де өтемедің. Алайда үлкен ізгілік жасадың. Алла қаласа, аз ісіңе көп сауап жазар», – деп жауап берді.

Ата-анаға олардың тірі кезінде қызмет ету Алла жолындағы жиһадпен пара-пар іс. Тіпті, Пайғамбар (с.а.с.) ата-анасы тірі бір кісінің жиһадқа шығуына рұқсат етпей қойған.

عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَسْتَأْذِنُهُ فِي الْجِهَادِ فَقَالَ:» أَحَيٌّ وَالِدَاكَ؟ قَالَ: نَعَمْ، قَالَ: فَفِيهِمَا فَجَاهِدْ«. رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Абдулла ибн Амр (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарға (с.а.с.) бір кісі келіп жиһадқа шығуына рұқсат сұрады. Сонда ол (с.а.с.): «Әке-шешең тірі ме?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – деді. Алланың елшісі (с.а.с.): «Онда сол екеуінің жолында (қызмет етіп) жиһад жаса», – деді». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: أَقْبَلَ رَجُلٌ إِلَى نَبِيِّ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ: أُبَايِعُكَ عَلَى الْهِجْرَةِ وَالْجِهَادِ، أَبْتَغِي الأَجْرَ مِنَ اللهِ، قَالَ: فَهَلْ مِنْ وَالِدَيْكَ أَحَدٌ حَيٌّ؟ قَالَ: نَعَمْ، بَلْ كِلاَهُمَا، قَالَ: فَتَبْتَغِى الأَجْرَ مِنَ اللهِ؟ قَالَ: نَعَمْ، قَالَ: فَارْجِعْ إِلَى وَالِدَيْكَ فَأَحْسِنْ صُحْبَتَهُمَا«. رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Абдулла ибн Амр (р.а.) басқа бір риуаятта былай деген: «Бір кісі Алланың Пайғамбарына (с.а.с.) келіп: «Саған һижра мен жиһад жасауға серт беремін. Алладан мол сауап қалаймын», – деді. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): «Ата-анаңның біреуі тірі ме?» – деп сұрады. Кісі: «Иә, екеуі де», – деді. Алланың елшісі (с.а.с.): «Алладан мол сауап қалайсың ба?» – деді. Кісі: «Иә», – деді. Алланың елшісі (с.а.с.): «Олай болса, ата-анаңа бар да, ол екеуімен жақсы қарым-қатынаста бол», – деді». Мүслім риуаят еткен.

Ата-анасы тірі бола тұрып оларға лайықты қызмет көрсете алмау үлкен қасірет болып есептеледі. Оған төмендегі хадис дәлел.

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: »رَغِمَ أَنْفُهُ ثُمَّ رَغِمَ أَنْفُهُ ثُمَّ رَغِمَ أَنْفُهُ - أَيْ لَصِقَ بِالرِّغَامِ وَهُوَ التُّرَابُ مِنْ الذُّلِّ - قِيلَ مَنْ يَا رَسُولَ اللَّهِ ؟ قَالَ: مَنْ أَدْرَكَ وَالِدَيْهِ عِنْدَ الْكِبَرِ أَوْ أَحَدَهُمَا ثُمَّ لَمْ يَدْخُلْ الْجَنَّةَ أَوْ لَا يُدْخِلَانِهِ الْجَنَّةَ». رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта бірде Пайғамбар (с.а.с.): «Танауын шаң қапты, танауын шаң қапты, сосын танауын шаң қапты!», – дейді. Сахабалар: «Уа, Расулалла! Ол кім?» – деп сұрайды. Сонда ол (с.а.с.): «Ол жасы ұлғайған ата-анасы болып, сосын жәннатқа кіре алмаған немесе ол екеуі оны жәннатқа кіргізе алмаған адам», – деп жауап береді. Мүслім риуаят еткен. Демек, ата-анаға дер кезінде қызмет ете алмай, сондай мүмкіндікті пайдалана алмау, сондай ізгі істі істеп, соның сауабымен жәннатқа жете алмау орны толмас қасірет екен.

Дініміздің қағидасындағы ата-ананы құрметтеудің дәрежесі, міне, осындай. Бұл қасиетті құрметте ықыласты мойынсұну да, асыл сезім де, мәрт сақилық та, ибалы ізет те бар. Ата-анаға деген қызметте ешқандай шаршау да, жалығу да болмайды.

Ал енді ата-ананы лайықты түрде құрметтемеу деген қылмыстың жайын, осы бір үлкен күнәнің белгілері туралы әңгімелейміз. Ата-ананы құрметтемеудің көріністерді баяндайтын мына аяттарға зер салайық. Даңқты әрі ұлық Алла:

﴿وَوَصَّيْنَا الْإِنسَانَ بِوَالِدَيْهِ إِحْسَاناً حَمَلَتْهُ أُمُّهُ كُرْهاً وَوَضَعَتْهُ كُرْهاً وَحَمْلُهُ وَفِصَالُهُ ثَلَاثُونَ شَهْراً حَتَّى إِذَا بَلَغَ أَشُدَّهُ وَبَلَغَ أَرْبَعِينَ سَنَةً قَالَ رَبِّ أَوْزِعْنِي أَنْ أَشْكُرَ نِعْمَتَكَ الَّتِي أَنْعَمْتَ عَلَيَّ وَعَلَى وَالِدَيَّ وَأَنْ أَعْمَلَ صَالِحاً تَرْضَاهُ وَأَصْلِحْ لِي فِي ذُرِّيَّتِي إِنِّي تُبْتُ إِلَيْكَ وَإِنِّي مِنَ الْمُسْلِمِينَ* وَالَّذِي قَالَ لِوَالِدَيْهِ أُفٍّ لَّكُمَا أَتَعِدَانِنِي أَنْ أُخْرَجَ وَقَدْ خَلَتْ الْقُرُونُ مِن قَبْلِي وَهُمَا يَسْتَغِيثَانِ اللَّهَ وَيْلَكَ آمِنْ إِنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ فَيَقُولُ مَا هَذَا إِلَّا أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ * أُوْلَئِكَ الَّذِينَ حَقَّ عَلَيْهِمُ الْقَوْلُ فِي أُمَمٍ قَدْ خَلَتْ مِن قَبْلِهِم مِّنَ الْجِنِّ وَالْإِنسِ إِنَّهُمْ كَانُوا خَاسِرِينَ ﴾

«Біз адам баласына әке-шешесіне ізгілік қылуды өсиет еттік. Оны анасы қиналып көтеріп, қиналып босанады. Ал, оның көтеруі мен емізілуі отыз ай. Қашан ол ер жеткенде және қырық жасқа жеткенде: «Раббым! Маған және ата-анама берген нығметтеріңе шүкірлік қылуыма, Өзің разы болатын ізгілік істеуіме итермеле. Әрі ұрпағымды да ізгі қыл. Расында мен өзіңе тәубе қылдым! Расында, мен мұсылмандарданмын», – дейді. Біздің жәннат иелерімен бірге ең жақсы амалдарын қабыл алып, жамандықтарын кетіретіндеріміз, әне, солар. Бұл оларға беріліп келген шынайы уәде. Ал енді біреу ата-анасына: «Түһ екеуіңе! Менен бұрын қаншалаған ұрпақтар өтіп кетсе де, сендер мені қайта тіріліп шығарылуыммен қорқытасыңдар ма?», – деді. Ал ата-анасы болса Алладан жәрдем сұрап жалбарынып: «Саған неткен өкініш! Иман келтірсеңші, расында Алланың уәдесі хақ», – дейді. Сонда ол: «Бұл бар болғаны бұрынғылардың ертегілері», – дейді. Өздерінен бұрын өтіп кеткен жындар мен адамдардың халықтарымен бірге (тозақ туралы уәделі) Сөзге лайықты болғандар, әне, солар. Расында олар зиянға ұшыраушылардан болды» (Ахқаф, 15-18), – деген.

Ата-ананы құрметтеуге үндейтін, оларға мойынсұнбауға қатаң тыйым салатын аяттармен бірге хадис шәрифтер де өте көп. Солардың бірсыпырасы төмендегідей.

عَنْ أَنَسٍ قَالَ: ذَكَرَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ الْكَبَائِرَ فَقَالَ: »الشِّرْكُ بِاَللَّهِ، وَعُقُوقُ الْوَالِدَيْنِ». رَوَاهُ البُخَارِيُّ، وَمُسْلِمٌ.

Әнестен (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) үлкен күнәлар туралы: «Олар Аллаға серік қосу және ата-ананы құрметтемеу», – деген. Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

رَوَى الْبُخَارِيُّ وَغَيْرُهُ: »إنَّ اللَّهَ حَرَّمَ عَلَيْكُمْ عُقُوقَ الْأُمَّهَاتِ».

Бұхари және басқа да хадисші имамдар риуаят еткен хадисте: «Ақиқатында Алла сендерге ата-анаға бойсұнбауға тыйым салды», – делінген.

رَوَى النَّسَائِيُّ وَالْبَزَّارُ وَالْحَاكِمُ: »ثَلَاثَةٌ لَا يَنْظُرُ اللَّهُ إلَيْهِمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ الْعَاقُّ لِوَالِدَيْهِ، وَمُدْمِنُ الْخَمْرِ، وَالْمَنَّانُ عَطَاءَهُ».

Нәсәи, Баззар, Хаким риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Алла Тағала Қиямет күні үш адамға назарын салмайды: ата-анасына мойынсұнбаған адам, арақ ішуші және біреуге сый-садақа беріп, онысын міндетсінген жан».

رَوَى الْحَاكِمُ: »أَرْبَعٌ حَقَّ عَلَى اللَّهِ أَنْ لَا يُدْخِلَهُمْ الْجَنَّةَ وَلَا يُذِيقَهُمْ نَعِيمَهَا: مُدْمِنُ الْخَمْرِ، وَآكِلُ الرِّبَا، وَآكِلُ مَالِ الْيَتِيمِ بِغَيْرِ حَقٍّ، وَالْعَاقُّ لِوَالِدَيْهِ».

Хаким таратқан хадисте Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Алла үшін төрт адамды жәннатқа кіргізбеу, оның қызығын дәм татырмау міндетті іс. Олар: арақ ішуші, өсім жеуші, жетімнің ақысын ешбір хақсыз жеуші және ата-анасына мойынсұнбаушы».

Өзінің ата-анасымен бірге басқаның ата-анасын да құрметтеу әрбір мұсылманға парыз. Өйткені басқаның әке-шешесін құрметтемеу өзінің әке-шешесін құрметтемеумен тең. Ол жайында мынадай хадис бар.

عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ عَمْرٍو، رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «مِنَ الْكَبَائِرِ شَتْمُ الرَّجُلِ وَالِدَيْهِ»، قَالُوا: يَا رَسُولَ اللهِ وَهَلْ يَشْتُمُ الرَّجُلُ وَالِدَيْهِ ؟ قَالَ: «نَعَمْ، يَسُبُّ أَبَا الرَّجُلِ فَيَسُبُّ أَبَاهُ، وَيَسُبُّ أُمَّهُ فَيَسُبُّ أُمَّهُ». رَوَاهُ البُخَارِيُّ، وَمُسْلِمٌ، وَأَحْمَدُ، وَالتِّرْمِذِيُّ، وَأَبُو دَاوُدَ.

Абдулла ибн Амр ибн әл-Астан (р.а.) былай деген: «Бірде Алланың елшісі (с.а.с.): «Үлкен күнәлардың бірі адамның өзінің әке-шешесін балағаттауы», – деді.  Сонда сахабалар: «Уа, Расулалла! Адам өз әке-шешесін сөге ме екен?» – деп сұрады. Сонда ол (с.а.с.): «Иә, ол бір адамның әкесін сөгуі арқылы өзінің әкесін сөгеді, шешесін сөгуі арқылы өзінің шешесін сөгеді», – деп жауап берді». Бұхари, Мүслім, Ахмет, Термези, Әбу Дәуіт риуаят еткен.

Жоғары