ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Дұғаның қандай әдептері бар?

Дұғаның әдептері

 1. Аллаға мадақпен бастап, Пайғамбарға (с.а.с.) салауат айтумен аяқтау керек.

2. Дұғаны кеңшілік кезінде де, қиындық кезінде де қылу.

3. Жанұясына не мал-мүлкіне, балаларына немесе өзіне қарсы дұға қылмауы тиіс.

4. Дұғаны ақырын дауыспен қылу.

5. Дұға қылғанда Аллаға қатты жалбарыну.

6. Дұғаны қайта-қайта қылу.

7. Құбылаға қарап дұға қылу.

8. Дұға қылғанда қолды жоғары көтеру.

9. Дұға қылардан бұрын дәрет алу.

10. Дұға қылғанда Алла Тағаладан қорқып жылау.

11. Басқа біреуге дұға қылса бірінші өзінен бастайды.

12. Тәубе ету және хақсыз істегендерін қайтару.

13. Өзімен бірге ата-анасына да дұға қылу.

14. Өзімен бірге иман келтірген ерлер мен әйелдерге де дұға қылу.

 

Жоғары