ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
ОРАЗАДА ТАҢ АТЫП КЕТКЕННЕН КЕЙІН СӘРЕСІ ІШУДІҢ ҮКІМІ


Оразаның басталатын және бітетін уақыты бар. Таң атқан кезде уақыты басталып күн батқан кезде уақыты бітеді. Сәресінің уақыты таң атқанға дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін ауызды бекітіп үлгеру керек. Алла тағала қасиетті Құранда:

 

وَكُلُوا وَاشْرَبُوا حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الْأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الْأَسْوَدِ مِنَ الْفَجْرِ

«...Және таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер...» –  деген.

 

Осы аятқа сай таң атқаннан кейін еш нәрсе ішіп-жеуге болмайды. Ал жеп, ішіп қойған жағдайда оразасы бұзылады және кешке дейін ораза адам сияқты ішіп-жеуден тыйылады да ораза айы біткеннен кейін бір күн қазасын өтейді.

Наверх