ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
ЗЕКЕТТІ (САДАҚАНЫ) АЛДЫМЕН КІМГЕ БЕРГЕН ЖАҚСЫРАҚ?

 

Сұрақ: Зекетті (садақаны) алдымен кімге берген жақсырақ?

Жауап: Зекет, пітір және нәзірді мына тәртіппен берген жақсырақ:

1.       Аға-інілері мен әпке-қарындастарына;

2.       Олардың балаларына;

3.       Әке жағынан ағалары мен апаларына;

4.       Олардың балаларына;

5.       Нағашылары мен нағашы апаларына;

6.       Олардың балаларына;

7.       Ағайындарына;

8.       Көршілеріне;

9.       Бірге жұмыс істейтіндерге;

10.  Бір ауылда не қалада тұратындарға[1].

 



[1] «Фәтауаи Һиндия», 1/252.

Наверх