БАТЫРЖАН БЕРДЕНҰЛЫ МАНСУРОВ PhD докторы, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі

 

Білімі мен біліктілігі:

 1995-2000 жылдары Халықаралық Қазақ-Араб (қазіргі Отырар атындағы университет) университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті және араб тілі» мамандығы бойынша оқыды.

1996-1997 жылдары Түркия Республикасы, Стамбұл қаласында «Йассауи» атындағы Құран курсында білімін жетілдіріп қайтты.

2003-2005 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін араб тілі, филология мамандығы бойынша магистр біліктілігі мен академиялық дәрежесін толық аяқтады.

2006 жылы Мысыр Араб Республикасының Каир қаласында араб тілі бойынша тіл дамыту курсында білімін жетілдіріп қайтты.

2010-2013 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «филология» факультетінің докторантурасында оқып, РhD докторы ғылыми атағын алды.

 

Еңбек жолы:
2000-2003 жылдар аралығында Халықаралық Қазақ-Араб (қазіргі Отырар атындағы университет) университетінің «Араб тілі және дінтану» факультетінде практикалық қазақ тілі пәні мен араб тілінің морфологиясы бойынша оқытушылық қызмет атқарды.

2005-2006 жылдары осы университетте араб тілі пәні бойынша оқытушылық қызмет атқарды.

2006-2011 жылдар аралығында рухани-танымдық, діни, тарихи-мәдени «Рахмет Самалы» журналында бас редактор және «Хикмет» ЖШС баспа үйінің директоры қызметін атқарды.

2012 жылдың мамыр айынан бастап ҚМДБ-ның бұйрығымен Алматы қаласы «Таугүл-3» мешітінде наиб имам және Алматы облысы Шамалған медресесіне қарасты Талғар ауданы «Мұрат Төреқұл» атындағы қарилар дайындайтын дайындық бөлімінде директор болып жұмыс істеді.

2013 жылдың қараша айынан бастап күні бүгінге дейін 6 жыл бойы Бас мүфтидің ҚМДБ-атырау облысы бойынша өкілі және Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы қызметін абыроймен атқарды.

Бірнеше мемлекеттік және ұйымдық марапаттар мен алғыс хаттарға ие. Діни төрт кітаптың авторы. Жүзге тарта діни-рухани мақалары жарыққа шыққан.

Батыржан Берденұлы Мансұров сонымен қатар ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі болып саналады.

Отбасылы, 4 баланың әкесі.  

 

Ғұламалар кеңесі
Наверх