Ғылымбек Жәдігерұлы МӘЖИЕВ PhD докторант, ҚМДБ-ның Аппарат басшысы

 

25.09.1980 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталовка ауданы, Әжбай ауылында дүниеге келген. Орта мектепті аталған елді мекенде оқыған.

 

Білімі мен біліктілігі:

1997 - 2001 жылдары аралығында Орал қаласындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқып үздік бітірген.  

2001 - 2002 жылдары аралығында ҚР Қарулы күштері қатарында өзінің әскери борышын өтеген.  

2015 - 2017 жылдар аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Дінтанушы» мамандығы бойынша магистратурасын бітіріп, «Дінтану» магистрі дәрежесін алды.

Қазіргі уақытта Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Дінтанушы» мамандығы бойынша докторантурада оқиды.

 

Еңбек жолы:

2002 - 2003 жылдары аралығында Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болған.

2003 - 2013 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет атқарған.

2013 жылдың 26 ақпанынан бастап ҚМДБ аппарат басшысы болып қызмет атқаруда.

Отбасы құрған, 3 баласы бар.

Ғұламалар кеңесі
Наверх