ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
ҚАЖЫЛЫҚ ӘДЕПТЕРІ


Шариғат бойынша қажылыққа баратын адам:

1. 
Жолға шығар алдында қарызын төлеп құтылады.
2. Қажылыққа бару ниетін ақылды, білімді кісілерге айтып, оны талқыға салады. Сондай-ақ, истихара намазын оқиды.
3. Күнәларына тәубе етеді, сосын бас иіп, шын көңілден ниеттенеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім қажылық парызын өтеу барысында бос әрі жаман сөзден, сондай-ақ үлкенді-кішілі күнәлардан бойын аулақ ұстаса, анасынан жаңа туғандай пәк болып қайтады»,[1] – деген.
4. Өкпелі кісілерден кешірім сұрайды.
5. Қаза намаздары мен оразаларын өтейді. Ғибадатқа селқостық көрсеткеніне шын жүректен өкініп, қайталамауға уәде береді.
6. Асқақтық, екіжүзділік және мақтаншақтықтан сақтанады.
7. Қажылыққа адал еңбекпен тапқан қаржысын жұмсайды.
8. Ұмытса, есіне салатын, мазасызданса, сабырлыққа шақыратын, дәрменсіз болса, көмектесетін жолсерік ретінде ізгі, салиқалы адамды жолдас етіп алады.
9. Үйдегі әйелін, бала-шағасын қажетті киім-кешек және азық-түлікпен қамтамасыз етіп, жолға шығады.
10. Алланы көп еске алады, тақуалық етеді.
11. Кішіпейіл, салмақты болады. Ашуланбайды, шыдамдылық көрсетеді.
12. Қажылық кезінде сауда-саттықтан ұзақ болуға тырысады.
13. Үйден шығарда екі ракағат нәпіл намаз оқып, дұға етеді[2].
14. Үнемі дәретті жүруге, тілін сақтауға ыждаһат етеді.
15. Жолға шығар алдында садақа береді, ата-анасы, достары және туыстарымен қоштасады, олардың разылығын алады[3].

Мұның бәрі әдеп, мұстахап, яғни құпталған істерге жатады. Барынша оны орындауға тырысу керек. Оны істеген адам сауап алады. Алайда істемеген адам күнәһар болмайды, қиямет күні істемегені үшін кінә тағылмайды[4].

 

[1] Бухари мен Муслим риуаят еткен.

[2] «Әл-фәтауа әл-һиндия», 1/242-243.

[3] «Хашия ибн Абидин», 1/518

[4] «Жамиғ ар-рамуз», 1/389.

Жоғары