ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Кәріз суларын тазалағаннан кейін қайта қолданудың үкімі

 

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын.

Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммедке оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай! 

Қазіргі таңда нәжіс немесе күмәнді сулар химиялық өңдеумен   тазаланып, тұрмыста қайта пайдаланылады. Судағы нәжіс заманауи техника және технология көмегімен залалсыздандырылады. Осы амалдардан соң судың дәмінде, түсінде және иісінде нәжістен ешқандай әсер қалмайды.Сондықтан, кәріз сулары аталмыш әдіспен және басқа осындай жолдармен тазаланса, сондай-ақ дәмінде, түсінде, иісінде нәжістің әсері қалмаса, ол су таза деп есептелінеді. Оған мына қағида дәлел:

أَنَّ الحُكم يدُور معَ عِلته وجُوداً وَعَدَماً، إذَا وُجِدت العِلة وُجد الحُكم، وإن انتفت العلة انتفى الحكمُ

«Үкім илләтының (себебінің) бар болу және жоқ болуына қарай қолданылады. Егер иллат (себеп) табылса, үкім жүреді, иллат (себеп) болмаса, үкім тоқтайды».

ҮКІМ:

Кәріз сулары заманауи өңдеу тәсілдерімен тазаланып, дәмінде, түсінде және иісінде нәжістің әсері қалмаса, ол су таза деп есептелінеді. Аталмыш сумен дәрет алуға, нәжісті кетіріп тазалауға болады

Жоғары