ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Сәждеде өкшелердің бір-біріне тиюінің үкімі не?

Сұрақ: Сәжде жасағанда аяқтың өкшелері біріктіріліп тұру керек пе, ол қандай амалға жатады? 

Жауап: Жалпы сәждеде өкшені өкшеге тигізіп тұру мұстаһаб[1]. Айша (оған Алла разы болсын) анамыздан жеткен хабарда ол былай дейді: «Бірде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанымда жатқан еді. Ояна кетсем Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанымда жоқ. Оның (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәждеде өкшелері бір-біріне тиген және саусақтары құбылаға қарап тұр-ған кейіпте көрдім. Сонда мына дұғаны айтып жатқанын естідім: «Алла! Азабыңнан разылығыңа сыйындым. Жазаңнан – кешіріміңе сыйындым. Алла! Өзге емес Сенен Саған сыйындым. Өзіңді мадақтағаныңдай Сені мадақтауға осал екенімді мойындаймын...»[2].

 



[1] Асғад әс-Сағуржи, «әл-Фиқһу әл-Ханафию уә әдилләтуһу», 1/184.

[2] әл-Мустадрак, 1/228.

 

Жоғары