ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Рамазан айындағы иғтикаф

Араб тілінде иғтиқаф – бір жерде тұру, күту, өзін бір жерге қамау деген мағынаны білдіреді. Фиқһ терминінде азан шақырылып, қамат түсірілетін мешітте иғтиқафқа ниет етіп, белгілі бір мезгіл сол жерде қалуды білдіреді. Рамазан айының соңғы он күніндегі иғтиқаф – кифая жолымен мүәккад сүннет[1]. Айша, ибн Омар, Әнестің (رضي الله عنهم) риуаяттарында: «Алла Елшісі () Мәдинаға келгеннен кейін көз жұмғанға дейін Рамазанның соңғы он күнін иғтиқафпен өткізетін»[2],-деп келген.

Иғтиқафтың шарттары

1. Ақыл-есі дұрыс, мұсылман болуы керек.

2. Ғұсылы жоқ адам да сыртқа шығып тазаланып келуі керек.

3. Иғтиқафқа ниет ету керек.

4. Иғтиқаф мешітте болуы керек.

 Иғтиқаф әдебі

1. Иғтиқафты Рамазан айының ақырғы он күнінде мешітте жасау.

2. Иғтиқаф кезінде жаман сөз сөйлемеу керек. Жақсы сөз айтылғаны абзал.

3. Иғтиқаф кезінде Құран, хадис, Аллаһты барынша зікір етіп, көп салауат айтып, терең ғибадат ету керек.

4. Жақсы киім мен хош иіс жаққан абзал.

 Иғтиқафты бұзатын нәрселер

1. Жыныстық қатынас.

2. Иғтиқафтағы мешіттен себепсіз шығу иғтиқафты бұзады.

3. Иғтиқафқа кірген адам бірнеше күн есінен айрылып талып қалса немесе ақылына нұқсандық келсе, иғтиқафы бұзылады[3].

Ескерту: Әйел баласы иғтикафын үйінде намаз оқитын жерінде жасайды. Мешітте жасамайды.

[1] әл-Фатауа әл-һиндия, 1 том, Ораза бөлімі.

[2] Бухари, Итиқаф, 1.

[3] әл-Фатауа әл-һиндия, 1 том, Ораза бөлімі.

Жоғары