ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Зікірдің мөлшері қандай?

Сүннеттегі зікір мөлшерінен артық зікір ету мәселесі

Сүннетте келген зікірдің мөлшерінен артық зікір етудің шариғаттағы үкімі – мұстахаб. Құранның кейбір аяттарында зікір ету бұйрық райларында келген.

﴿ يَاأَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اذْكُرُوا اللَّهَ ذِكْرًا كَثِيرًا(41)وَسَبِّحُوهُ بُكْرَةً وَأَصِيلًا(42)هُوَ الَّذِي يُصَلِّي عَلَيْكُمْ وَمَلَائِكَتُهُ لِيُخْرِجَكُمْ مِنْ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ وَكَانَ بِالْمُؤْمِنِينَ رَحِيمًا(43)  

«Уа иман келтіргендер! Алланы өте көп зікір етіңдер!  Оны ертелі-кеш (барша кемшілік атаулыдан) пәктеңдер! Ол  Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін өзі рахмет қылып, періштелері дұға қылады. Сондай-ақ мүміндерге ерекше мейірімді».[1].

Алла Тағала басқа бір аятында былай дейді:             

﴿لَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ لِمَنْ كَانَ يَرْجُو اللَّهَ وَالْيَوْمَ الْآخِرَ وَذَكَرَ اللَّهَ كَثِيرًا 

«Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп зікір еткен  кісілер үшін; Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар»[2].

Аллаһ Тағала Алланы аз зікір етуді мұнафықтын белгісі деп көрсеткен.

﴿ وَلَا يَذْكُرُونَ اللَّهَ إِلَّا قَلِيلًا ﴾

«Мұнафықтар Алланы өте аз зікір етеді»[3].

 

 «Олар Алланы өте аз еске алады».

Сүннеттен дәлелдер

Пайғамбар  (): «Муфридун озып кетті дейді.

 Сахабалар: Муфридун деген кімдер? – деп сұрайды.

 Пайғамбар (): Олар Алланы көп зікір ететін әйелдер мен ерлер», - деп  жауап береді»[4].

 

Өсиет сұрап келген сахабасына Пайғамбар (): «Тілің Алланы зікір етуден құрғамасын!, - деп өсиет айтқан[5].

 

Пайғамбар(): «Кімде-кім:  لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ «Алладан басқа тәңір жоқ, Оның серігі жоқ, мүлік, мақтау Оған тән. Ол барша нәрсеге құдретті деп жүз мәрте айтатын болса», он құл азат еткендей сауап алғандай болып, әрі оның жүз күнәсі кешіріліп, жүз сауап жазылады. Бұдан абзалын ешкім істеген емес, бұдан артығын тек бұдан артық істеген алады»,-деген[6].

Жоғарда келтірілген дәлелдер Алланы зікір етудің белгілі бір шегі жоқ екендігін көрсетеді. Кез келген кісі, өзі яки ұстазы белгілеп берген зікірді тартуына болады. Алла Тағала зікір арқылы жүректеріміздің қайта тірілуін нәсіп етсін.

 



[1] «Ахзап» сүресі, 41-43 аяттар.

[2] «Ахзап» сүресі 21 аят.

[3] «Ниса» сүресі 142 аят.

[4] Имам Ахмад, имам Муслим, имам Тирмизи.

[5] (Имам Ахмад ибн Ханбал, Имам Тирмизи, Ибн Хиббан)

 

[6] (Имам Бухари, Имам Муслим)

 

Жоғары