ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Денеден тыс ұрықтандырудың үкімі

Ассаламуғалейкум! экстракорпоральды, яғни, денеден тыс ұрықтандырудың шариғи үкімі қандай? Самат.

Жауап: Уағалейкумуссалам! Құрметті Самат! Экстракорпоральды ұрықтандыру дегеніміз ананың ағзазынан тыс аналық клетканы ұрықтандырып,  өсіп жетілген ұрықты (эмбрионды) жатырға орналастыру дегенді білдіреді. Оның бірнеше кезеңдері бар. Кезеңдері жайлы толық мағлұматты http://anamenbala.kz/1728 сілтемесінен көре аласыз. Шариғи үкіміне тоқталар болсақ, әйел табиғи жолмен бала көтере алмаған жағдайда рұқсат етіледі. Алайда мына шарттар міндетті түрде орындалуы қажет:

а. Тек некелескен күйеуінің ұрығын қолдану.

ә. Өңдеуден өткен ұрық жұмыртқа, клеткасы алынған әйелінің жатырына салынуы керек. Яғни құрсақ ананы (суррогат ананы) қолдануға болмайды. 

Құрметпен,  ҚМДБ, Шариғат және пәтуа бөлімі.

Жоғары