ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Қыз баланың құлағын тесу

Сәлеметсіздер ме? Қыз баланың құлағын тесуге болады ма? Сұлушаш.

Жауап: Құрметті Сұлушаш! Ханафи мәзһабы бойынша іргелі пәтуа еңбектерінің бірі «әл-Фатауа әл-Һиндияда былай делінген.

وَلَا بَأْسَ بِثَقْبِ آذَانِ الْأَطْفَالِ مِنْ الْبَنَاتِ لِأَنَّهُمْ كَانُوا يَفْعَلُونَ ذَلِكَ فِي زَمَانِ رَسُولِ اللَّهِ - صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَآلِهِ وَسَلَّمَ - مِنْ غَيْرِ إنْكَارٍ

«Қыз баласының құлағын тесудің шариғи тұрғыдан оғаштығы жоқ. Себебі сахабалар пайғамбардың көзі тірісінде шариғи тұрғыдан еш қарсылық көрместен оны жасайтын»[1].

Қорытынды: Жоғарыда келтірілген мәлімет негізінде қыз баланың сырға тағу мақсатында құлағын тесу шариғатқа қайшы емес.

Құрметпен,  ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі.


[1] әл-Фатауа әл-Һиндия, 5 том, 357 бет.

Жоғары