ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Ханафи мәзһабы фиқһ терминологиясы 1

Ханафи мәзһабы фиқһ әдебиетінде кездесетін ғалымдар терминологиясы

الإمام والإمام الأعظم و صاحب المذهب : أبو حنيفة  رحمه الله تعالى

1. Имам, немесе имам Ағзам немесе мәзһаб иесі термині мәзһабтың негізін салушы имам ӘбуХанифаға[1] қолданылады. (Алла оны рақымына бөлесін!)


الشيخان: والمراد بهذا الاصطلاح الإمام أبو حنيفة رحمه الله وصاحبه  أبو يوسف رحمه الله تعالى

2. Екі шейх (Шәйхани) Бұл термин имам Әбу Ханифа (Алла оны рақымына бөлесін) және имам Әбу Юсуфқа[2] (Алла оны рақымына бөлесін!) қолданылады.

 

 الطرفان: يقصد بهذا الاصطلاح الإمام أبو حنيفة رحمه الله تعالى والإمام محمد بن الحسن الشيباني رحمه الله تعالى

3. Екі тарап (Тарафани) Бұл термин имам Әбу Ханифаны (Алла оны рақымына бөлесін)  және имам Мұхаммед ибн Хасан әш-Шәйбаниді[3] (Алла оны рақымына бөлесін) меңзейді.

 

الصاحبان: المراد بهما : الإمام أبو يوسف والإمام محمد رحمهما الله تعالى

4.  Екі серік (жолдас, Сахибани). Бұл термин имам Әбу Юсуф пен имам Мұхаммедті (Алла екеуін өз рақымына бөлесін!) меңзейді.

 

الأئمة الثلاثة أو العلماء الثلاثة: هم أبو حنيفة وأبو يوسف و محمد رحمهم الله تعالى

5. «Үш имам» немесе «үш ғалым» термині имам Әбу Ханифаны, имам Әбу Юсуфты және имам Мұхаммед (Алла оларды рақымына бөлесін!) дегенді білдіреді. (Жалғасы бар)

Құрметпен,  ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі.

 [1] Һижри 80 жылы дүниеге келіп, һижри 150 дүниеден озған.

[2] Һижри 113 дүние есігін ашып, һижри 182 дүниеден өткен.

[3] Һижри 132 жылы туылып, һижри һижри 187 қайтыс болған. 

Жоғары