ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Хүнейн жорығы

ХҮНЕЙН ЖОРЫҒЫ

(8 жыл)

 Мекке алынғаннан кейін басқа араб тайпалары мұсылмандардан қатты қорқа бастайды. Ақырында арабтың екі ірі тайпасы Һаузан мен Сақиф бірігіп, Пайғамбарға (с.а.с.) қарсы соғыс ашуға келіседі. Олар Мәлик ибн Ауф деген батырларын қолбасшы етіп, отыз мыңдық үлкен қол дайындайды. Әскердің артында оларға көмек ретінде әйелдері мен бала-шағалары, мал-мүліктері жүретін болып шешіледі. Бұл хабарды естіген Пайғамбар (с.а.с.) он екі мыңдық әскер жасақтап, оларға қарсы шығады. Сонда мұсылман жасағындағы кейбіреулер: «Біздің санымыз аз, әсте жеңіске жете алмаспыз», – деп қорқыныш қылады. Мұндай сөздер Пайғамбарға (с.а.с.) қатты тиеді. Өйткені жеңіс әскер санының көптігінде емес, Алла Тағаланың қалауында еді. Қарсыластар майдан даласында жолығысып, шайқас басталған сәтте мұсылман әскері жаудың Хүнейн атты айлакері ойлап тапқан соғыс айласына тап болып, біраз кері қашады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Мен Пайғамбармын, жалғаншы емеспін! Мен Абдулмутталибтің ұлымын», – деп ұран тастайды. Содан кейін шайқас басқаша сипат алып, мұсылмандар дұшпандарға лап қояды да, көп ұзамай жеңіске жетеді. Мүшріктердің әйелдері мен бала-шағалары, мал-мүліктері мұсылмандарға олжа болады. Осы шайқас көптеген мұсылмандарға үлкен сабақ болып қалады.

Жоғары