ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Уарақа ибн Науфал

УАРАҚА ИБН НАУФАЛ

       Уарақа ибн Науфал ибн Әсәд ибн Абдулузза Бибі Хадишаның әкесімен туысқан көкесі еді. Хадиша Пайғамбарды (с.а.с.) ертіп осы көкесіне барып, оның басынан өткен жайт туралы айтып, мұның сырын сұрайды. Уарақа сол замандағы оқымысты әрі тақуа пенделердің бірі болатын. «Мұхаммедтің көргені Мұса пайғамбарға түскен періште – Намус (Жебірейіл періштені (а.с.) Исаның ізіне ергендер солай атаған)», – деп, оған пайғамбарлық келгенін айтады. Бірақ алда талай кезеңдер күтіп тұрғандығын айтқан ол өзінің кәрілігіне байланысты сол кезеңдерге дейін тірі болмайтындығына, сол себепті оның дініне кіру құрметіне ие бола алмайтындығына қатты өкінішін білдіреді.

Жоғары