ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Тәкаппарлық күнә болып саналады ма?

С: Тәкаппарлық күнә болып саналады ма?

Ж: ТӘКАППАРЛЫҚ

Адам бойындағы болатын теріс қасиеттердің ең жаманы, нақұрысы, ең лайықсызы, ол тәкаппарлық, менмендік. Бұл Жаратушыға да, қоршаған орта, қоғам, жұртқа да мүлде жақпайтын қылық. Алла Тағала мұндай қылыққа қатаң түрде тыйым салған:

﴿وَلاَ تَمْشِ فِي الأَرْضِ مَرَحاً إِنَّكَ لَن تَخْرِقَ الأَرْضَ وَلَن تَبْلُغَ الْجِبَالَ طُولاً

«Жер бетінде алшаң басып жүрме, расында сен жерді тесе де алмайсың, биік таулармен де теңесе алмайсың» (Исра, 37);

﴿وَقَالَ مُوسَى إِنِّي عُذْتُ بِرَبِّي وَرَبِّكُم مِّن كُلِّ مُتَكَبِّرٍ لَّا يُؤْمِنُ بِيَوْمِ الْحِسَابِ﴾  

«Сонда Мұса: «Мен өзімнің де сендердің ортақ Раббымыздың атымен Есеп күніне сенбейтін әрбір тәкаппардан сақтанамын», деді» (Ғафыр, 27).

﴿إِنَّهُ لاَ يُحِبُّ الْمُسْتَكْبِرِينَ﴾ 

«Шындығында Ол (Алла) тәкаппарларды ұнатпайды» (Нахыл, 23).

Шынында да, Жаратушының жаратқан-махлұқ пендесі қалайша басқаларға тәкаппарлық танытады, қалайша менмендікпен өзінің түп-негізін ұмытады?

Алланың елшісі (с.а.с.) менмендік, тәкаппарлықтың барлық түріне қатаң тыйым салып, ондайлардың Алланың азабына лайық болатындығын қатаң түрде ескерткен-ді.

قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »يَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى: الْكِبْرِيَاءُ رِدَائِي، وَالْعَظَمَةُ إزَارِي، فَمَنْ نَازَعَنِي وَاحِدًا مِنْهُمَا أَلْقَيْته فِي جَهَنَّمَ«. رواهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُد وَابْنُ مَاجَهْ.

Пайғамбар (с.а.с.) бір құдуси хадисте Раббысынан мынадай хабар жеткізген, мағынасы мынадай: «Алла Тағала былай дейді: «Тәкаппарлық пен ұлылық Маған ғана тән. Кімде-кім сол сипаттарға менімен таласатын болса, оны жәһаннамға лақтырамын».

Жаратылыс тарихындағы ең алғаш күнә тәкаппарлық болған еді.

قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »إيَّاكُمْ وَالْكِبْرَ، فَإِنَّ إبْلِيسَ حَمَلَهُ الْكِبْرُ عَلَى أَنْ لَا يَسْجُدَ لِآدَمَ«. رواهُ ابْنُ عَسَاكِرَ.

Пайғамбар (с.а.с.) үмбетін былайша сақтандырады: «Тәкаппарлықтан сақ болыңдар! Расында Ібіліс Адамға тәкаппарлықтан сәжде қылмаған болатын». Ибн Асакир риуаят еткен.

Шындығында да тәкаппарлық күнәні ең алғаш бастаған махлұқ Ібіліс болатын. Құран Кәрімде ол жайында былайша баяндалады.

﴿وَلَقَدْ خَلَقْنَاكُمْ ثُمَّ صَوَّرْنَاكُمْ ثُمَّ قُلْنَا لِلْمَلآئِكَةِ اسْجُدُواْ لآدَمَ فَسَجَدُواْ إِلاَّ إِبْلِيسَ لَمْ يَكُن مِّنَ السَّاجِدِينَ * قَالَ مَا مَنَعَكَ أَلاَّ تَسْجُدَ إِذْ أَمَرْتُكَ قَالَ أَنَاْ خَيْرٌ مِّنْهُ خَلَقْتَنِي مِن نَّارٍ وَخَلَقْتَهُ مِن طِينٍ * قَالَ فَاهْبِطْ مِنْهَا فَمَا يَكُونُ لَكَ أَن تَتَكَبَّرَ فِيهَا فَاخْرُجْ إِنَّكَ مِنَ الصَّاغِرِينَ﴾

«(Уа, адамзат!) Біз сендерді жаратып, бейнелеп, сосын періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар», – дедік. Сонда олардың барлығы сәжде қылды да, тек Ібіліс сәжде етушілерден болмады. Сонда Алла: «Мен бұйырған кезде сенің сәжде жасауыңа не кедергі болды?» – деп сұрады.  Сонда ол (Ібіліс): «Мен одан артықпын! Сен мені оттан жараттың, ал оны топырақтан жараттың», – деп менменсіді. Сонда Алла: «Сен ол жерден (жәннаттан) түс! Ол сенің тәкаппарланып жүретін жерің емес. Дереу шық! Сен енді қор болғандардансың», – деді» (Ағраф, 11-13).

Тәкаппарлыққа байлығының, тегінің, мансабының, дене бітімінің, көркінің, күш-қуатының, ақыл-ойының артықшылығына, білімінің көптігіне мақтанып, астамсыну сияқты менмендік қасиеттер жатады. Расында Рахманның дәргейінде пенденің пендеден артықшылығы тек тақуалығында ғана. Алла Тағала былай дейді:

﴿يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَاكُم مِّن ذَكَرٍ وَأُنثَى وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوباً وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِندَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ خَبِيرٌ﴾

«Уа, адамдар! Ақиқатында Біз сендерді бір ер мен бір әйелден жаратып, бір-бірлеріңді тануларың үшін сендерді халықтар, тайпалар қылдық. Ақиқатында Алланың алдындағы ең ардақтыларың – тақуаларың. Шындығында Алла бәрін білуші һәм бәрінен хабардар» (Хужурат, 13).

قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »كُلُّكُمْ بَنُو آدَمَ، وَآدَمُ خُلِقَ مِنْ تُرَابٍ، لَيَنْتَهِيَنَّ قَوْمٌ يَفْتَخِرُونَ بِآبَائِهِمْ أَوْ لَيَكُونُنَّ أَهْوَنَ عَلَى اللَّهِ مِنْ الْجِعْلَانِ«. رواهُ الْبَزَّارُ.

Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Уа, адамдар! Сендердің барлығың да Адам атаның ұрпақтарысыңдар! Ал Адам топырақтан жаратылды. Ата-бабаларымен мақтанатындар ондай қылықтарынан тыйылсын, болмаса олар Алланың алдында қи қоңыздарынан да төмен дәрежеге душар болады». Баззар риуаят еткен хадис.

قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »لَيَنْتَهِيَنَّ أَقْوَامٌ يَفْتَخِرُونَ بِآبَائِهِمْ الَّذِينَ مَاتُوا، إنَّمَا هُمْ فَحْمُ جَهَنَّمَ أَوْ لَيَكُونُنَّ أَهْوَنَ عَلَى اللَّهِ مِنْ الْجُعَلِ  {- أَيْ بِضَمٍّ فَفَتْحٍ : دُوَيْبَّةٌ أَرْضِيَّةٌ   -} الَّذِي يُدَهْدِهُ  {- : أَيْ يُدَحْرِجُ وَزْنًا وَمَعْنًى  -} الْخَرْأَةَ بِأَنْفِهِ، إنَّ اللَّهَ أَذْهَبَ عَنْكُمْ عُبِّيَّةَ الْجَاهِلِيَّةِ وَفَخْرَهَا بِالْآبَاءِ، إنَّمَا هُوَ مُؤْمِنٌ تَقِيٌّ وَفَاجِرٌ شَقِيٌّ النَّاسُ بَنُو آدَمَ وَآدَمُ خُلِقَ مِنْ تُرَابٍ«. رواهُ أَبُو دَاوُد وَالتِّرْمِذِيُّ.

Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Өмірден өтіп кеткен ата-бабаларымен мақтанатындар ондай қылықтарынан тыйылсын! Болмаса олар жәһаннамның көміріне айналады немесе Алла үшін тұмсығымен қи домалататын қоңыздан да төмен махлұққа айналады. Ақиқатында Алла сендерден  жәһилиет дәуірінің тәкаппарлығын, ата-бабалармен  мақтануды кетірген болатын. Расында мүмін тақуа, ал бұзық бақытсыз. Барлық адамдар Адам атадан, ал Адам топырақтан жаратылған». Әбу Дәуіт, Термези риуаят еткен хадис.

عَنِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: »بَيْنَمَا رَجُلٌ مِمَّنْ كَانَ قَبْلَكُمْ يَجُرُّ إزَارَهُ مِنْ الْخُيَلَاءِ خُسِفَ بِهِ فَهُوَ يَتَجَلْجَلُ فِي الْأَرْضِ إلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ«. رواهُ الْبُخَارِيُّ وَغَيْرُهُ.

Ибн Омар (р.а.) риуаят еткен бір хадис шәрифте Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Тәкаппарлықпен дамбалының балағын сүйретіп келе жатқан бір адамды Алла Тағала оны бір сәтте жерге жұттырды. Енді ол Қиямет күніне дейін жердің астында азап тартады», – деді. Бұхари риуаяты.

Бұл хадис шәриф тәкаппар адамның жазасы зор болатындығына дәлел. Алланың қаһарына ұшыраған ол пенде Қияметке дейін қабірде қатты азап тартатын болады. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

﴿إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ كُلَّ مُخْتَالٍ فَخُورٍ﴾

«Шынында Алла әрбір тәкәппар, менмендерді ұнатпайды» (Лұқман, 18).

 

С: Тәкаппарларға дайындалған жаза түрлері қандай?

Ж: Алланың өзін өзгелерден тым жоғары санайтын тәкаппарларға даярлаған ең ауыр жазасының бірі сондай – Қиямет күні оған назарын да салмайды.

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «لا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ مَنْ كَانَ فِي قَلْبِهِ مِثْقَالُ ذَرَّةٍ مِنْ كِبْرٍ»، قَالَ رَجُلٌ: إِنَّ الرَّجُلَ يُحِبُّ أَنْ يَكُونَ ثَوْبُهُ حَسَناً وَنَعْلُهُ حَسَنَةً، قَالَ: «إِنَّ اللهَ جَمِيلٌ يُحِبُّ الْجَمَالَ، الكِبْرُ بَطْرُ الْحَقِّ وَغَمْطُ النَّاسِ«. رواهُ مُسْلِمٌ.

Ибн Масғұдтан, Алла одан разы болғай; Пайғамбар, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай деген: «Жүрегінде зәренің (атомның) мысқалындай тәкаппарлығы бар жан жұмаққа кірмейді», деді. Сонда бір кісі: «Алайда кейбір адам киімінің, аяқкиімінің әдемі болғанын қалайды ғой», – дегенде ол (с.а.с.): «Шындығында Алла көркем әрі көркемдікті жақсы көреді. Ал, тәкаппарлық – ақиқатты мойындамау, адамдарды менсінбеу», – деді. Мүслім риуаят еткен.

Хадистерде жұмаққа кіретін пенделердің көбі кедей, әлсіз болса, ал тозаққа кіретіндердің жұртты менсінбей, өзін жоғары санайтын тәкаппар, менмен жандар болатындығы айтылады.

قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »أَلَا أُخْبِرُكُمْ بِأَهْلِ الْجَنَّةِ؟ كُلُّ ضَعِيفٍ مُسْتَضْعَفٍ لَوْ أَقْسَمَ عَلَى اللَّهِ لَأَبَرَّهُ، أَلَا أُخْبِرُكُمْ بِأَهْلِ النَّارِ؟ كُلُّ عُتُلٍّ جَوَّاظٍ مُسْتَكْبِرٍ«. رواهُ الْبُخَارِيُّ وَمُسْلِمٌ.

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Сендерге жәннаттықтың кім екендігін айтайын ба? Ол әрбір әлсіз, әлжуаз мұсылман. Алайда ол Аллаға ант етсе, дұғасы қабыл болады. Сендерге тозақтықтың кім екендігін айтайын ба? Ол әрбір оспадар, менмен, тәкаппар». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »احْتَجَّتْ الْجَنَّةُ وَالنَّارُ، فَقَالَتْ النَّارُ: فِيَّ الْجَبَّارُونَ، وَالْمُتَكَبِّرُونَ، وَقَالَتْ الْجَنَّةُ: فِيَّ ضُعَفَاءُ الْمُسْلِمِينَ وَمَسَاكِينُهُمْ، فَقَضَى اللَّهُ تَعَالَى بَيْنَهُمَا: إنَّك الْجَنَّةُ رَحْمَتِي أَرْحَمُ بِك مَنْ أَشَاءُ، وَإِنَّك النَّارُ عَذَابِي أُعَذِّبُ بِك مَنْ أَشَاءُ وَلِكِلَيْكُمَا عَلَيَّ مِلْؤُهَا«. رواهُ مُسْلِمٌ.

Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Жәннат пен тозақ бір-бірімен таласып қалады. Тозақ: «Менің ішімдегілер ылғи қатыгез әміршілер, тәкаппарлар», дейді. Жәннат болса: «Менің ішімдегілер әлсіз мұсылмандар мен міскіндер», дейді. Сонда Алла Тағала екеуінің арасына төрелік айтып: «Сен, жәннат Менің рахымымсың, сенімен қалағаныма рахым қыламын. Ал сен, тозақ Менің азабымсың, сенімен қалағанымды азаптаймын. Менің міндетім екеуіңді де толтыру», дейді». Мүслім риуаят еткен.

Ақиқатында әрбір мұсылманның ең басты ұстазы – Пайғамбар (с.а.с.). Қарапайымдылық пен көркем мінезде одан асқан жан болмаған. Ол тақыр жерге отыра салатын. Құлдармен, пақырлармен, кедей-кепшікпен тең дәрежеде әңгімелесетін. Үй жұмыстарында әйелдеріне көмектесетін. Сахабаларына да жәрдем беретін. Оның әзіз болмысы одан басқа да сансыз бекзаттық ерекшеліктерге, ізгі қасиеттерге толы болатын.

Адамдар Айша анамыздан (р.а.): «Алланың елшісі (с.а.с.) үйінде не істеуші еді?» – деп сұрағанда ол: «Үйінің қызметінде болатын, намаз уақыты  келгенде дәрет алып, намазға шығатын», – деп жауап берген. Бұхари риуаят еткен.

 Сахабалар Пайғамбардың (с.а.с.) қарапайымдылығына тәнті болысып, былай дейді: «Тіпті кішкентай күңнің өзі Алланың елшісін (с.а.с.) қолынан жетектеп қалаған жағына апара алатын». Бұхари риуаят еткен.

 «Олар (сахабалар) үшін Алланың елшісінен (с.а.с.) сүйікті адам болмаса да, олар оны (с.а.с.) көргенде орындарынан тұрмайтын. Өйткені олар оның (с.а.с.) ондай құрметті ұнатпайтындығын білетін». Ахмет, Термези риуаят еткен.

Алланың елшісі (с.а.с.): «Мені насаралардың (христиандардың) Мариямұлы Исаны ұлықтағанындай ұлықтамаңдар. Шынында мен пендемін. Сондықтан да «Алланың құлы әрі елшісі» деңдер», – деп ескертетін. Бұхари риуаят еткен.

Қиямет күні Пайғамбардың (с.а.с.) шапағатына оның сүннетімен жүріп, тәкаппарлық сияқты күнәдан аулақ болған жан ғана лайық болады.

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «إِنَّ مِنْ أَحَبِّكُمْ إِلَيَّ وَأَقْرَبِكُمْ مِنِّي مَجْلِسًا يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَحَاسِنُكُمْ أَخْلاَقًا وَإِنَّ أَبْغَضَكُمْ إِلَيَّ وَأَبْعَدَكُمْ مِنِّي مَجْلِسًا يَوْمَ الْقِيَامَةِ الثَّرْثَارُونَ وَالْمُتَشَدِّقُونَ وَالْمُتَفَيْهَقُونَ، قَالُواْ: يَا رَسُولَ اللهِ قَدْ عَلِمْنَا الثَّرْثَارُونَ وَالْمُتَشَدِّقُونَ فَمَا الْمُتَفَيْهَقُونَ؟ قَالَ: الْمُتَكَبِّرُونَ«. رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ.

Жәбірден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Қиямет күні маған ең сүйіктілерің әрі ең жақын отыратындарың – көркем мінез-құлықтыларың. Ал Қиямет күні мен үшін ең жамандарың және менен ең алыс отыратындарың – бәдіктерің (көпсөзділерің), дөрекі сөйлейтіндерің және астамшылдарың». Сахабалар: «Уа, Расулалла! Бәдіктер мен дөрекліерді білдік, ал астамшылдар кімдер?» – деп сұрағанда, ол (с.а.с.): «Тәкаппарлар», – деген». Термези риуаят еткен.

Тәкаппарлықтың ең жаман қасиет екендігі туралы мұсылман ғалымдары, тақуалар, ойшылдар ой толғап, басқаларды осы бір жаман әдеттен сақтандырып кеткен. Суфиян Сәури былай дейді: «Нәпсіқұмарлықпен болған күнәнің кешірілуіне үміт бар, бірақ тәкаппарлықпен болған күнәның кешірілуіне жоқ. Оның себебі, Ібілістің күнәсі тәкаппарлықтан болатын, ал Адам Атаның күнәсінің негізі құмарлықтан еді». Қазақ хакімі Абай адамның ақиқат болмысы мен тәкаппарлық туралы былайша сипаттаған.

Адам – бір боқ көтерген боқтың қабы,

Боқтан сасық боласың өлсең тағы.

Мені мен сен тең бе деп мақтанасың,

Білімсіздік белгісі – ол баяғы.

Жоғары