ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Қажылықта тырнақтарын алудың жазасы қандай?

Тырнақтарын алу

 С: Ихрам жағдайындағы кісінің тырнақтарының алуының үкімі қандай?

Ж: Қолдарының немесе аяқтарының немесе бір қолының немесе бір аяғының тырнақтарын бір жерде, бір уақытта алған болса құрбан шалуы тиіс. Ал, егер қолдары мен аяқтарының тырнақтарын әр жерде, әр уақытта алған болса жазасы көбейеді. Алған орындарының санына қарай айыбының саны да өседі.

С: Бес тырнақтан азын алса үкімі қандай?

Ж: Бір мүшенің бестен азын алған болса садақа беруі тиіс.

С: Ал, екі мүшесінің әрқайсысынан екі тырнақтан алса үкімі қалай болмақ?

Ж: Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтың көзқарастары бойынша садақа уәжіп болады.

Жоғары