ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Үй жануарларынан зекет беріле ме?

Сұрақ: Үй жануарларынан зекет беріле ме?

Жауап:

Үй жануарларынан берілетін зекет

 С: Мал-мүліктің зекет беру парыз болған басқа түрлері бар ма?

Ж: Иә, жайылатын малдан зекет беру парыз.

С: Жайылатын малдарға қайсылары жатады?

Ж: Ол жайылымдарда жайылатын түйе, сиыр, қой сияқты түліктер. Зекет парыз болуының шарты – бір жыл жайылуы тиіс. Жарты жыл немесе одан да көп уақыт жем берсе зекет парыз болмайды.

С: Бұл жануарлардан шығарылатын зекеттің мөлшері қанша?

Ж: Зекет мөлшері жануарлардың түріне байланысты әркелкі.

С: Арбаға, жұмысқа жегіліп, үйде жем беріліп бағылатын жануарлардан зекет шығарыла ма?

Ж: Жұмысқа жегілетін, жем-шөппен бағылатын малдан зекет берілмейді.

 

Жоғары