ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Қағбадағы намаз

Қағбадағы намаз

 С: Алла Тағала Қағбаны мұсылмандардың құбыласы етті. Ал, осы Қағбаның ішінде намаз оқуға бола ма?

Ж: Иә, Қағбаның ішінде намаз оқуға болады.

С: Имам Қағбаның ішінде оқып, артында ұюшылардың кейбіреулерінің имамға арқасын беріп оқуына бола ма?

Ж: Иә, болады.

С: Жүзін имамның жүзіне қаратса намазы дұрыс бола ма?

Ж: Мәкруһ блғанымен дұрыс.

С: Имамға арқасын беріп тұрған адамның намазы дұрыс бола ма?

Ж: Имамның алдында шығып кеткендіктен намазы дұрыс емес.

С: Имам Қағбаның сыртында, яғни Харам мешітінде оқып, имамға ұюшылар Қағбаның жан-жағында дөңгеленіп тұрса намаздары дұрыс бола ма?

Ж: Иә, намаздары дұрыс.

С: Бұл жалпы жамағатқа үкім. Ал, Қағбаға имамнан гөрі жақынырақ тұрғанның намазы қалай болады?

Ж: Имам тұрған тұста Қағбаға имамнан гөрі жақын тұрғанның намазы дұрыс болмайды. Ал, имам тұрған жерден басқа тұста Қағбаға жақын тұрғанның намазы дұрыс.

С: Қағбаның үстінде намаз оқыса дұрыс бола ма?

Ж: Қағбаның үстінде намаз оқу мәкруһ. Бірақ дұрыс деп есептеледі.

 

Жоғары