ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Үзірлі кісінің үкімі қандай?

Сұрақ: Үзірлі кісінің үкімі қандай?

Жауап: 

С: Қаны тоқтамай ағатын немесе жазылмайтын жарақаты бар, ия болмаса кіші дәреті не жел шығуы тоқтамайтын үзір иелерінің үкімі қандай?                                

Ж: Бұлар әрбір намазға дәрет алып, қалаған парыз, нәпіл намаздарын оқиды. Үзірге себеп болған нәрсе намаз уақыты шыққанша дәретін бұзбайды. Намаз уақыты бітсе, үзірлі дәреті бұзылады.

С: Үзіріне себеп болған жай уақыттары дәретті бұзатын нәрселер орын алса дәреті бұзыла ма?                                 

Ж: Әрине, әдеттегі дәретті бұзатын жәйттар үзірлі дәретті де бұзады. Мысалы, мұрыннан қан тоқтамайтын адам үзірлі дәрет алғаннан соң әжетханаға барса дәреті бұзылады.

Жоғары