
СОҢҒЫЛАР
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (ﷺ) САЛАУАТҚА МҰҚТАЖ БА?
17.02.2021
ҚАМАТ АЙТЫЛҒАНДА СҮННЕТ ОҚЫЛЫП ЖАТСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
15.02.2021
ЖАМАҒАТ НАМАЗЫН ЕКІ БАҒАН АРАСЫНДА ОҚУҒА БОЛА МА?
13.02.2021
ТӘҺӘЖЖУД НАМАЗЫНА ҰЙЫҚТАП ТҰРУ ШАРТ ПА?
09.02.2021





ДІНИ БАСҚАРМАСЫ

Сұрақ:Ғұрыппен амал жасаудың шариғаттағы шарттары қандай?
Жауап:
Ғұрыптың шариғаттағы шарттары
Фиқһ білгірлері әдет-ғұрыптың шариғатта қабыл алынуының бірнеше шартын белгілеген. Олардың бастылары төмендегідей:
1. Құран Кәрім мен Сүннетке және мұсылман ғұламаларының ортақ ұйғарымдарына керағар келмеуі тиіс.
2. Үкім шығарылған уақытта халық арасында кең қолданылатын болуы тиіс. Негізінде, әдет-ғұрыптар әр заманда өзгеріске ұшырап отырады. Тарихта болып, кейіннен жойылған әдет-дағдылар шариғатта есепке алынбайды.
3. Қарастырылатын әдет-ғұрып бұқара халықтың арасында кең таралған, үйреншікті дағды болуы тиіс. Жекелей адамдар арасындағы әдеттердің заңдылық күші жоқ
