Шамшәдин Тұрсынұлы Керім

1962 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды бөлімшесінде дүниеге келген.  

1970 - 1980 жылдары орта мектепте оқыған.

1980 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетіне түсті. 1985 жылы аталған университеттің филология факультетін араб тілі, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.

1985 - 1997 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық мұражайында, 1987 - 1992 жылдары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды.

1992 - 1994 жылдар аралығында Өзбекстандағы Ғ.Ғұлам атындағы Сырдария мемлекеттік университетінде доцент, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1994 - 2001 жылдары Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде шығыс филологиясы кафедрасының доценті, меңгерушісі болып еңбек етті.

1991 жылы «Әнші-ақындар поэзиясындағы дәстүр мен даралық мәселесі. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы» деген тақырыпта кандидаттық, 2000 жылы «Қазақ фольклорындағы жұмбақ жанры» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

2001 жылы 4-сәуірде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам университетіне ректор, сол жылдың 8-шілдесінде екі ел үкіметінің келісімімен дүниеге келген Египет ислам мәдениеті университетіне проректор болып тағайындалды.

Ғалым фольклортану,  араб филологиясы,  исламтану салалары бойынша қалам тартып келеді:

Кітаптары: Қазақ жұмбағы, 2007 ж.

                   Араб елдері, 2008 ж.

                   Араб  баспасөзінің тілі, 2008 ж.

                   Діни білім – дін діңгегі,2012

                   Cығанақ саңлағы, 2012

2009 жылдың 30 қазанында Әдебиеттану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Жоғары