Ершат Ағыбайұлы Оңғаров Ғұламалар кеңесінің хатшысы

1975 жылы 22 наурызда Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Ералиев ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Жайрем кентіндегі №10 орта мектепті бітірген.

1994 жылы 13 желтоқсанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында (ҚМДБ) өткен байқау арқылы Египет Араб Республикасы, Каир қаласындағы әлемге әйгілі әл-Азхар университетіне оқуға түсіп, 2000 жылы аталмыш унивесрситет жанындағы Ислам ғылыми зерттеулер институтын тәмәмдап, 2004 жылы әл-Әзхар университеті «уағыз-насихат» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесіне қол жеткізген. 2006 жылы Египет Араб Республикасы Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтында исламтану мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие болған. 2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарихында бірінші болып философия, мәдениантропология мамандықтары бойынша PhD доктор дәрежесін қорғады.

2007-2009 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында маман, бөлім бастығы, 2009-2011 Әл Фараби атын. ҚазҰУ-де аға оқытушы болып жұмыс iстедi. 2011-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Алматы қаласы Дін істері департаментінің директоры,  Дін істері агенттігі Діни оқу орындармен байланыстар және дінтану сараптамасы басқармасының Бас сарапшысы болып қызмет атқарған.

2013 жылдың 27 ақпанынан бастап ҚМДБ Уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқаруда. ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі.

«Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары»  атты монография, «Мұхтасар тәжуид» атты қазақ және орыс тіліндегі еңбектер мен дін, мәдениет, руханиат салаларына арналған көптеген ғылыми-танымдық мақалалардың авторы.

Үйленген, екі баласы бар.

Жоғары